Fidelio E6/12 User Manual Page 616

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 628
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 615
19KK
Дыбыс режимі
Бейнеге немесе музыкаға сай алдын ала
анықталған дыбыс режимдерін таңдаңыз.
Көлемдік тыңдау тәжірибесін жасау үшін
MOVIE түймесін басыңыз. Фильм көруге
ыңғайлы.
Екі арналы немесе бірнеше арналы
стерео жасау үшін MUSIC түймесін
басыңыз. Музыканы тыңдау үшін тамаша.
Адам дауысын тыңдау үшін анығырақ
және ерекше ететін дыбыс әсерін жасау
мақсатында VOICE түймесін басыңыз.
Дыбыс өнімділігін оңтайландыру үшін
кіріс дыбысының мазмұнына негіздеп
алдын ала анықталған дыбыс режимін
(MOVIE, MUSIC немесе VOICE)
автоматты түрде таңдау үшін SMART
түймесін басыңыз.
МАҒАН ЖАҚЫН (маған жақын)
Көршілерді мазаламай, соңғы анық дыбысты
шығару үшін сымсыз көлемді динамиктерді
өзіңізге жақын қойып, осы мүмкіндікті іске
қосыңыз (негізгі құрылғы дыбысын өшіруге
арналған).
Ескертпе
Сымсыз көлемді динамиктер сымсыз негізгі
құрылғыға қосылған (немесе SOD режимі қосылған)
кезде ғана осыны қолдануға болады.
Егер CLOSE TO ME (маған жақын) қосылса, MOVIE
және MUSIC түймелерінің функциялары өшеді.
1 Мүмкіндікті іске қосу үшін 3 секунд бойы
VOICE түймесін басып тұрыңыз.
» CLOSE TO ME (маған жақын)
дисплей панелінде бір рет айналады.
» Негізгі құрылғы дыбысы өшеді.
2 Осы дыбыс режимінен шығу үшін VOICE
түймесін қайтадан үш секунд басып
тұрыңыз.
» Бастапқы дыбыс режимі қосылады.
Эквалайзер
Бұл өнімнің жоғарғы жиілік (жоғарғы
дыбыс жиілігі) және төменгі жиілік (басс)
параметрлерін өзгертіңіз.
1 Жиілікті өзгерту үшін TREBLE +/- немесе
BASS +/- түймесін басыңыз.
Бейне мен дыбысты синхрондау
Егер дыбыс пен бейне синхрондалмаған
болса, дыбысты бейнеге сай болатындай
кідіртіңіз.
1 Дыбысты бейнемен үндестіру үшін
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
AUDIO SYNC + дыбыс кідірісін
көбейтеді, ал AUDIO SYNC - дыбыс
кідірісін азайтады.
Авто дыбыс деңгейі
Басқа көзге ауысқанда дыбыс деңгейін
тұрақты сақтау үшін автоматты дыбыс
деңгейін қосыңыз.
Сондай-ақ, ол тыныш қойылымдар үшін
дыбыс деңгейін жоғарылатып, ал қатты
дыбысты қойылымдар үшін дыбыс деңгейін
төмендетіп, дыбыс динамикасын қысады.
1 Автоматты дыбыс деңгейін қосу
немесе өшіру үшін AUTO VOL. түймесін
басыңыз.
» Автоматты дыбыс деңгейі қосылған
кезде, дисплей панеліндеON AUTO
VOLUME бір рет айналады.
» Автоматты дыбыс деңгейі өшкен
кезде, дисплей панеліндеOFF AUTO
VOLUME бір рет айналады.
Түн режимі
Ақырын тыңдау үшін түнгі режим дыбыс
ойнатылған кезде қатты дыбыстардың
деңгейін төмендетеді. Түн режимі тек Dolby
Digital динамиктері үшін қол жетімді.
Page view 615
1 2 ... 611 612 613 614 615 616 617 618 619 620 621 ... 627 628

Comments to this Manuals

No comments